Өскеменде 7 келі марихуана шөбін тасымалдаған екі ер адам ұсталды

436
көрілім

Облыс орталығында ШҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының полицейлері 7 келі марихуана шөбін тасымалдаған екі ер адамды құрықтады.

Құқық қорғау органының қызметкерлері тоқтатқан шетел көлігінің ішінен 7 келі марихуана табылған. Есірткі тасымалымен айналысқан екі еркек шөпті пакетке салып жүрген. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, ұсталған екеуінің өздері де есірткі қолданыпты.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.