Өскеменде 80 адам мұзға құлап, жарақат алған

647
көрілім
Шартты фотосурет

Өскеменде үш күн ішінде 80 адам мұзға құлап, жарақаттанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, наурыздың 11-13 күні аралығында тайып, жарақатын алған тұрғындар саны күрт өскен.
– Наурыздың 13-і күні  Өскеменнің өзінде көше жарақаттарымен 30-ға жуық емделуші келіп түсті. Оның көбі көшедегі мұзға құлап, тайып жығылғандар, – делінген мәліметте.