Өскеменде алты жасар қызды көлік қағып кетті

143
көрілім
Фото сурет ашық дереккөзден

Оқиға дүйсенбі күні Меновное кенті Ярославская көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағында болды, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.


Қыздың анасының айтуынша, зардап шегушілер саны бұдан да көп болар еді. Дүкенде орнатылған камераның бейнежазбасынан осындай қорытынды жасауға болады.
«Үлкен қызым 11 жаста, ортаншы қызым алтыда, кішісі үш жаста», - дейді Елена Демина. - Олар менен сыртта серуендеп келуге өтінді. Мен оларды біраз уақытқа жібердім. Жаяу жүргіншілер жолағы Ярославская көшесінде, яғни AsAi дүкенінің жанында орналасқан. Ортаншы қызым бір қадам алда болды. Жылдамдықпен келе жатқан көлік оны абайсызда қағып кетті. Жазбада сағат 15.29.19-да үш қыздың жаяу жүргіншілер жолағына жақындағаны көрсетілген. 15.29.22-де «Газель» жүк көлігі өткелге тоқтап, жаяу жүргіншілерге жол береді. Қыздар жолды кесіп өте бастайды. ВАЗ жеңіл көлігі тежеусіз сол жақ жолақпен қозғалып, қызды қағып кеткен. Сосын тоқтап, көлік ішінен жүргізуші атып шықты.
Анасының айтуынша, қазір Алина хирургия бөлімінде  жатыр. Ол бірінші күнін жансақтау бөліміне жеткізілген.
- Жағдайы ауыр. Ол отырмайды, жай ғана жатады. Оның өкпесі жарақаттанып, тыныс алуы қиындап жатыр. Жамбас сүйегі мен омыртқасының контузиясы, миы шайқалған, аяқтары көгерген және сырылған.


Меновное тұрғындарының сөзінше, бұндай жазатайым жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Олар құзырлы орган қызметкерлерінен қауіпті жерлерде, сағатына 40 шақырымдық жылдамдықты шектеу белгісін орнатып беруді сұрайды.