Өскеменде Ашық есік күні өтеді

1041
көрілім

Өскемендіктер және облыс тұрғындары Онколгиялық орталықтың білікті дәрігерлеріне тегін қарала алады.

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында 26 наурыз күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Ашық есік күні өтеді. Соның барысында келушілер орталықтың білікті дәрігерлеріне қаралып, кеңес ала алады.

- Кезекті Ашық есік күні жатыр мойны обырының және ішек жолдарының қауіпті дертін алдын алуға бағытталған. Емхана дәрігерінің жолдамасы қажет емес. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келсеңіз жеткілікті. Шара Потанин көшесі, 6, 1 корпус (консультативтік-диагностикалық ғимарат) мекенжайында өтеді, - делінген ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратында.

Толығырақ ақпаратты 8(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлері арқылы білуге болады.