Өскеменде бопсалап ақша өндірген үш жігітке қатысты іс қозғалды

1343
көрілім

Өскеменде криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылса да бопсалауын жалғастырған үш адамды құрықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, қолға түскендер – 19, 21, 22 жастағы жігіттер.

ШҚО ПД ұсынған мәліметке сәйкес өткен жылдың қараша айында жоғарыда аталғандардың екеуі ұрып-соғамын деп қорқытып, таныстарының атына қымбат смартфонды несиеге ресімдеткен. Осылайша 500 000 теңгеден астам сомаға залал келтірді.

Сол әрекеттері үшін жазасыз қалған олар биыл қатарын үшінші адаммен толықтырып, тағы да осыған ұқсас қылмысқа барған. Бұл жолы кездейсоқ өтіп бара жатқан адамды сыбайластықтың шеңберіне кіргізіп, онлайн несие алдыртқан үштік 310 000 теңгені қалталарына басты. Мұнымен тоқтамаған олар жәбірленушіні қорқытып, тауар кредитін ресімдеуді талап еткен. Ойда-жоқта жазып ете ме деп үрейленген жәбірленуші өзінің атына 150 000 теңге тұратын ұялы телефон рәсімдеген.

– Одан әрі қаңтар айының соңында күдіктілер Өскеменде тұратын бұрынғы таныстарына қайта жүгініп, одан 30 000 теңге көлемінде ақша алған. Мұнымен қоймай жәбірленуші өз атына несиеге телефон ресімдеп, қолдарына ұстатқан. Осылайша, жәбірленушіге 200 000 теңгеден астам сомаға залал келтірілді, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер. – Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған күдіктілер ұсталды.

Қорқытып алушылықтың барлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Қорқытып алу) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оның санкциясында 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.