Өскеменде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

638
көрілім
Фотосурет Lada.kz сайтынан.

Облыс орталығының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 23 тамызда Қазақстанның Конституциясы күні мерекесіне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Құзырлы мекеменің хабарлауынша, шара Тургенев көшесі, 30 мекенжайында орналасқан жұмыспен қамту бөлімінде күндізгі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейінгі аралықта өткізіледі.

Жәрмеңкеге қатысуға тілек білдіруші жұмыс берушілер болса өтінімдерін 22 тамызға дейін r.zhunusova@akimvko.gov.kz электронды мекенжайына жіберуге немесе 8 (7232) 55-18-35, 75-36-83 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларына болады