Өскеменде джип әйелді басып кетті

951
көрілім
Фотосурет - yk-avto.kz сайтынан.

Toyota Prado маркалы автомобилі жолға шығып, әйел кісіні басып кеткен. Ауыр жарақат салдарынан жәбірленуші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бүгін Қабанбай батыр көшесіне жақын маңда болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жол талғамайтын көлік ішкі жолдан негізгі жолға артымен шықпақшы болған кезде, көлік артындағы әйелді байқамай қалған.

Куәгерлердің айтуынша, джип әйелді басып кеткен. Ауыр жарақаттан жәбірленуші оқиға орнында мерт болды.

Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.