Өскеменде екі адамды қағып кеткен полицейлер шақыртуға асығып бара жатқан

880
көрілім

ШҚО Ішкі істер департаменті полицей көлігінің екі жаяу жүргіншіні қағып кетуіне байланысты мәлімдеме жасады. Құқық қорғау водомствосының мәліметінше, патрульдік машина шақыртуға асығып бара жатқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz-ке сілтеме жасап.

— Қалаға Прапорщиково ауылынан жолда дұрыс жүрмей, әр жерге бір тоқтап келе жатқан көліктің кіргендігі туралы хабарлама келіп түскен. Полиция экипажы күдік тудырған көліктің жүргізушісін тексеруге бара жатқан. Патрульдік полиция көлігі жолдың жаяу жүргіншілерге арналмаған бөлігін кесіп өткен 1970 және 1976 жылы туған адамдарды қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргіншінің бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, — деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының бірінші тармағы бойынша («Жол қозғалысын бұзу, абайсызда адам денсаулығына орташа зиян келтіру») қылмыстық тексеру басталды. Зардап шеккен адамға көмек көрсетпек болған полиция қызметкерінің әрекеті қызметтік тексеріс аясында қарастырылады.