Өскеменде екі аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен әйел іздестірілуде

119
көрілім
Фотосурет LIDER.KZ парақшасынан

Қала тұрғынын іздеуге полиция мен еріктілер жұмылдырылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

 - 12 қаңтар күні полицияға 3 қаңтарда сағат 10:30 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған 1980 жылы туған Светлана Владимировна Маслованы іздеу бойынша өтініш түсті, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер

LIDER.KZ еріктілерінің айтуынша, әйел Гвардейская көшесінде тұрады.

Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден 8-771-466-54-38 нөміріне немесе 102 арнасына хабарласуын сұраймыз.

Іңкәр ТӨЛЕГЕНОВА