Өскеменде ертең батпырауықтар фестивалі өтеді

620
көрілім

20 мамыр күні облыс орталығындағы Сол жағалау саябағында батпырауықтар фестивалі өтеді. Бұрын соңды ұйымдастырылмаған сайысты облыстық мұражай қорығы өткізбек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Шара сағат 11:00 уақытында басталады. Сайысқа кез келген тілек білдіруші қатыса алады. Егер қолыңызда батпырауық болса, фестивальға келіп, өнеріңізді паш етуге болады. Жеңімпаздар сыйлыққа ие болады.

Аталған шара концерттік бағдарлама қойылып, авиамоделистер өнерін көрсетеді.