Өскеменде ертең кезекті Open Air «Oskemen-2017» кеші өтеді

604
көрілім

Жұма күні облыс орталығындағы Республика алаңында ашық аспан астында Open Air «Oskemen-2017» фестивалі өткізіледі. Шара барысында музыкалық топ танымал хит әндерімен қалалықтардың көңілін көтереді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шара Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың бастамасымен өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт кешкі сағат 19:00 уақытында басталады.

Концерттік зал фонтандарға жақын орналастырылады. Қалалықтар үшін «Don’t stop project» тобы өнер көрсетеді, – деп хабарлайды Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Концерт екі сағатқа созылады. Айта кетерлігі, өткен аптада ұйымдастырылған дәл осындай концертке қалалықтар көп келген болатын. Өскемендіктердің өтініші мен қолдауынан кейін қалалық әкімдік мұндай шараны апта сайын өткізуді жоспарлап отыр.