Өскеменде қалаішілік қоғамдық автобус мектеп оқушысын қағып кетті

803
көрілім

Оқиға Өскемен қаласының Өзен вокзалы аялдамасында сағат кешкі 18:00 шамасында орын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Өзен вокзалы аялдамасындағы жаяу жүргіншілер жолына мектеп оқушысы жүгіріп шыққанға ұқсайды. Осыдан қалаішілік №39 қоғамдық көліктің жүргізушісі оны байқамай қалса керек. Бағына орай, көлік соққысы баланың денесіне дарымай арқасындағы сөмкесін іліп әкетіп, мектеп оқушысы жерге құлап, айтарлықтай жарақат алмаған сыңайлы. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үстінде.

Мейрамбек Қосажан