Өскеменде қар тазалау жұмыстары жалғасуда

262
көрілім

Су тасқыны жағдайының алдын алу үшін коммуналдық қызметтер бар күшін қала көшелеріндегі қарды шығаруға жұмылдыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, соңғы бірнеше күнде шаһардан 45 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар негізінен Абай даңғылы, Назарбаев даңғылы, Шәкәрім даңғылы, Сәтбаев даңғылы, Әуезов даңғылы мен Қазақстан көшелері аумағында жүргізілді. 
– Сәл үзіліс жасаған соң қаланың екінші деңгейлі көшелеріндегі қарды тазалау міндеті тұр. «Таза Өскемен» және басқа да мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. – деді қала әкімі Жақсылық Омар. – Жұмыстың біраз көлемі аяқталды, бірақ әлі де тоқтамау керек. Біздің коммуналдық кәсіпорындар бұл тапсырманы орындайтынына сенімдімін.

Қымбат МУХАМАДИЕВА