Өскеменде «Қарызсыз қоғам» курсын тәмамдағандар сертификат алды

499
көрілім

Аталған курс жетекшісі Ермек Жұмәділов жобаны толықтай меңгергендерге сертификат табыстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ақпан айының басында AMANAT партиясы және облыс әкімдігінің қолдауымен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы курс ашылды.
- Жоба бойынша барлық аудан мен қалада 6500 адамның қаржылық сауатын ашуға мүмкіндіктері бар. Десек те, қатысамын дегендерге тағы да орын бөліп беруге әзірміз, - дейді Amanat париясы ШҚО филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.
«Қарызсыз қоғам» жобасы Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Глубокое аудандарында жүргізілген.
- Курсқа қатысқандар білімдерін бүгіннен бастап іске жаратады деп үміттенемін. Тұрғындар осындай білімге ие болса, құба-құп. Қаржылық сауаттылықты арттыратын жобаның бар екенін халыққа көрсеткіміз келеді, - деді курс жетекшісі Ермек Жұмәділов.
Қаржылық білімімді арттырамын дегендер кез келген AMANAT партиясы филиалдары арқылы немесе жергілікті ауылдық округтердің әкімшіліктерімен байланыса алады немесе Qogamfin.kz сайтында тіркелуге болады.

Валентина ГЕОРГИЕВНА