Өскеменде қолданысқа берілетін үстел теннисі орталығында бір күнде қанша адам спортпен шұғылдана алады?

759
көрілім
Шартты сурет

Бұл жөнінде қала әкімі Жақсылық Омар тұрғындармен кездесуінде айтып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шаһар басшысы жұмыстың басым бөлігі тәмамдалып, қолданысқа берілуге шақ қалғандығын мәлімдеді.
- Үстел теннисі орталығы халықаралық стандарттарға сай. Төрт қабатты ғимараттың ауданы 9,5 мың шаршы метр. Орталықта 58 корт, 260 адамға шақталған орын бар. Наурыз бітпей қолданысқа берілетін орталықта бір күнде 2000-нан астам адам спортпен шұғылдана алады, - деді әкім.