Өскеменде көпқабатты тұрғын үйден 17 адам қауіпсіз жерге көшірілді

413
көрілім

Сәтпаев даңғылында орналасқан көпқабатты үйден шыққан тілсіз жаудан 17 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өрт көпқабатты тұрғын үйде кеше сағат 20.00-де басталған. Екінші қабаттағы баспалдақ алаңындағы электр жүйесінде ақау шығып, жалын күшейе түскен.

– Көк түтінге тұншыққан подъезден 17 адам құтқарылды. Оның 8-і балалар, – деп хабарлады ШҚО ТЖБ баспасөз қызметі.

Айта кету керек, тұрғындар өрт сөндіргіш құралын қолдану арқылы өртті өз күштерімен сөндірген.