Өскеменде көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды

347
көрілім

Көпқабатты үйдегі пәтерден шыққан қалың түтіннің кесірінен барлық тұрғындарды сыртқа шығаруға тура келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға 26 қазан күні сағат 20.00-де Молдағұлова көшесінде орын алды. Үшінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаз бен киім-кешек, тұрмыстық заттар өртенген.

– Пәтер иелері өздері балалар мен басқа тұрғындарды сыртқа шығарды. Артынан үй иесі электр қуатын өшірмек болған алайда қобалжудан ол электр қалқаны пәтер сыртында екендігін ұмытып кеткен. Қалың түтіннен далаға шыға алмай қалған ол балконға беттеп, көмек сұраған, – дейді ТЖБ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар ер адамнан басқа 25 тұрғынды эвакуациялады. Адам шығыны жоқ. Оқиға себебі анықталуда.