Өскеменде малға арналған тұрақ пайда болуы мүмкін

367
көрілім
Шартты сурет

Жуырда қала тұрғындарына есеп берген шаһар басшысы Жақсылық Омар осы мәселеге де тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Шағын аудандарда қараусыз жайылып жүрген мал аз емес. Осы айта келе тұрғындар олардан келіп жатқан келеңсіздіктерді де сөз етті.
– Біз қаланың шеткі шағын ауданында тұрамыз. Мұндағылардың көбісі қораларында мал ұстайды. Шыны керек, кейде әлгі жылқылар үй аумағына кіріп кетеді. Біз апта сайын полиция шақырып, мал иелеріне шағымданамыз, – деді Лесхоз ауылының тұрғыны.
Тұрғындардың көпшілігі қараусыз жүрген малға айыппұл тұрағын салуды өтінді.
– Расында да  мұндай мәселе  бар, – деді қала әкімі Жақсылық Омар. – Автокөліктерге арналған айыппұл тұрағы мәселесіне байланысты шешім қабылдадық, бұл ретте қараусыз жайылып жүрген малға арналған айыппұл тұрағын ұйымдастыру тапсырылды.