Өскеменде мас әйел бөтеннің көлігін айдап кетті

111
көрілім
ШҚО-ПД баспасөз қызметі

Жүргізушіні ізін суытпай ұстаған тәртіп сақшылары алысқа кетуіне мүмкіндік бермеді.


Таңғы сағат бесте Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны жақын танымайтын қыздың оның Toyota Progres маркалы көлігін заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны туралы өтінішпен жүгінген.


Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері көліктің бағытын анықтаған. Ұстауға жіберілген патрульдік полиция экипажының қызметкерлері оның ізіне түсу арқылы іздестірудегі көлікті ұстаған, оның тізгінінде мас күйдегі 27 жастағы қала тұрғыны болған. Қылмыс үстінде ұсталған әйел өз кінәсін толықтай мойындады.


Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.