Өскеменде «Мен қазақпын» халықаралық байқауының іріктеу кезеңі өткізіледі

670
көрілім

Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайында 8 маусым күні «Мен қазақпын» халықаралық байқауының іріктеу кезеңі өткізіледі. Іріктеу сайысына 18-40 жас аралығындағы қазақ композиторларының және халық әндерін домбыра, қобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуімен орындайтын өнерпаздар қатыса алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының хабарлауынша, 5-28 маусым аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ұлт өнерін ұрпаққа насихаттау мақсатында «Мен-қазақпын» халықаралық байқауын жариялайды. Байқаудың облыстық іріктеу кезеңі 8 маусымда Өскемен қаласында өтеді.

Байқаудың басты мақсаты – қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Ол үшін арнайы топ әрбір облысты аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады.

Ал шет елдердегі конкурстар шілде айында ұйымдастырылмақ. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады. Жеңімпаздар «Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі», «Жылдың ең үздік термешісі» және «Жылдың ең үздік күйшісі» аталымдары бойынша марапатталады.

Барлық сұрақтар бойынша Анықтыма телефоны: 8/7232/702065.