Өскеменде нәзік жандылар арасында Құран жарысы өтті

650
көрілім

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар» секторының бастамасымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қыздар арасында Құран жарысы өткізілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайысқа осы мешіттің қабырғасында білім алып жүрген шәкірттер мен қатар қала мешіттерінің жамағаты – әйелдер мен қыздар қатысты. Қатысушылардың білімін саралауға облыстық мешіттің қыздар сауат ашу курсының ұстаздары қазылық жасады.

Құран сайысына қатысқандар Құранды барынша мәнерлі, әсерлі оқып, өз білімдерін ортаға салды. Өзгелерден озып шыққан қатысушылар орындарға ие болып, марапатталды.