Өскеменде онкологтар тегін кеңес береді

277
көрілім

Сенбі күні облыстық онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығы тұрғындарды өкпе обырын ерте анықтау бойынша тегін кеңес алуға шақырады.

Онколог-дәрігерлер келушілерді сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 1, ғимарат 1 (емхана) мекен-жайы бойынша қабылдайды.

Қызықтыратын сұрақтарыңыз болса 8 (7232) 70-59-76, 74-26-98, 70-59-22, 74-28-35 телефондары арқылы хабарласып, жауап алуға болады.