Өскеменде «Пиротехника» жедел-алдын алу шарасы өтпек

304
көрілім

Облыс орталығында өтетін шара жаңажылдық шаралар қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалу мақсатымен ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалықтар ғана емес, өзге тұрғындардың қаупсіздігін сақтау барысында қарапайым отшашуларды қолдану кезінде жарақат алмау жағын қамтамасыз ету басты назарға алынбақ. Аталмыш шара желтоқсанның 17-і мен қаңтардың 3-і аралығында өтеді.
Жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция және Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыла атсалысуымен пиротехникалық заттарды кез келген жерде сатумен айналысқан, сонымен қоса сертификаты жоқ болған жағдайда  оларға тиісті жаза қолдану мақсатында рейдтік шаралар жүргізілмек.

Асыл АЙТБАЕВ