Өскеменде психикалық ауытқушылығы бар бойжеткен жоғалып кетті

713
көрілім

21 жастағы Еңлік Жәнібекова есімді бойжеткен ата-анасымен демалыс күндері қала шетінде демалуға шыққан уақытта жоғалып кеткен. Туыстарының айтуынша, оны жақында көше музыканттарының ортасында біреулер қаладан көріп қалған. Із-түссіз кеткен Еңліктің туыстары қыздарын көрген-білгендер болса, хабар беруді сұрайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңліктің әпкесінің айтуына қарағанда Еңлік өткен сенбіде ата-анасымен қала шетіне қыдырып шыққан.

Олар Каменный карьер кентіне жақын маңда саңырауқұлақ теруге шыққан. Бір мезетте әке-шешесі көз жазып қалып, Еңлік жоғалып кетті, – дейді жоғалған бойжеткеннің әпкесі Жанар Сіләмова. – Әпкемнің психикалық ауытқушылығы болғандықтан, бала секілді болып жүреді. Қайда болсын беталбаты кетіп қалуы мүмкін. Жақында 45-ші дәріхана маңында Еңлікті көше музыканттарының ортасында көрдік дегендермен сөйлестік. Қазір полиция жас муызкант жігіттен жауап алып жатыр. Бірақ ол әпкемнің қайда екенін білмегенін айтып жауап берді.

Жоғалған уақытта бойжеткен үстіне сары жейде, қара шалбар мен ақ аяқ киім киген.

Егер Еңлікті көрген-білгендер болса 8 (707) 777- 47-92 нөміріне хабарласуды сұраймыз. Кездестіргендер болса көңілін аулап, біз келгенше айналдыра тұрғаны абзал. Әйтпесе, ол қорқып қашып кетуі мүмкін, – дейді бойжеткеннің әпкесі.