Өскеменде студенттер үш тілде пікір жарыстырады

315
көрілім

Облыстық Достық үйінде үш тілде студенттік пікірталас турнирі өтті: қазақ, орыс және ағылшын. Облыстық екі университеттің — Серікбаев атындағы ШҚМТУ және ҚАЕУ командалары сайысқа түсті. Қатысушылар «Үш тілді білу — жетістікке апаратын жол» тақырыбы бойынша екі түрлі көзқараста пікір жарыстырды. Пікірталасты ағылшын тіліндегі қалалық пікірталас қозғалысының ұйымдастырушысы Дархан Мырзабаев жүргізді.

Пікірталас алдын ала дайындалған сөз мәтіні бойынша екі команда арасындағы талқылау түрінде болады. Олар әлемнің орта және жоғары оқу орындарында білім беру технологиясы ретінде қолданылады. Пікірталас шешендік шеберлікті, өз көзқарасын дәлелдеуді дамытады. Сонымен қатар, жеткіншек ұрпаққа дұрыс пікірсайыс құру негізін үйретеді.

Аталған пікірталастың ұйымдастырушылары студенттердің шетел тілдеріндегі сөйлемдерді жаттап қана қоймай, үш тілде ойлап, ойын еркін жеткізе алуға үйренуін мақсат етеді. Қалада бұл қозғалыс тұрғылықты негізде орныққан: үш тілдік пікірталас 2015 жылдан бері өткізіледі.

— Осы жолы екі команда да тілдерді меңгеруде және пікірсайыс жүргізуде өте жоғары деңгей көрсете алды, — деді турнирдің қазылар алқасының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Уәлиева. — Егер бұрын балалар шатасып, бірін-бірі түсіне алмай қалған болса, қазір бір тілден екіншісіне еркін өтеді. Өз көзқарастарын анық және түсінікті жеткізеді. Олар шынымен өз сөздерін шетел тілінде ойлайды. Жылдам өзгеріп келе жатқан әлемнің талап ететін деңгейі осындай болу керек.

Пікірталас қорытындысы бойынша бірінші орында ШҚМТУ командасы алды, бірақ сыйлықтар мен грамоталар тең көлемде екі командаға да табысталды. Турнирдің ұйымдастырушылары — Достық үйі жас полиглоттарды осылайша ынталандырды. Олар алдағы уақытта Семей қаласындағы көршілес ЖОО-лармен үш тілдік пікірталас өткізуді көздеп отыр.

Мұндай форматтағы пікірталастар «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының аясында «Шығыс» Аймақтық орталығы енгізген үш тілдік білім беру жобасының мақсатына сәйкес келеді. Осылайша, орта мектепте жүзеге асырылатын міндет жоғары оқу орындарында табысты түрде орындалып жатыр.