Өскеменде «Toyota» мен ВАЗ көліктерінің соқтығысуынан жүргізуші мен жолаушы зардап шекті

1219
көрілім
Сурет ШҚО ТЖД

Облыс орталығындағы Аблакетка шағын ауданында «Toyota» мен ВАЗ автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен қысылып қалған екі адамды көліктен мұқият шығарып, әрі қарай жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, – деді ШҚО ТЖ өкілдері.