Өскеменде тұрғындардан қару сатып алу акциясы басталды

368
көрілім
Фотосурет Sputnik.kz сайтынан

2014 жылдан бастап елімізде тұрғындардан ерікті түрде қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Содан бері бұл шара әр жылы жалғасуда. Биыл сәуір айының 22-нде басталды.
– Акция аясында кез келген тұрғын үйінде жатқан қаруын ішкі істер органы бөлімдеріне әкеліп, өткізе алады. Тіркелмеген қару мен оқ-дәрі, жарылғыш заттар өткізіп, ақшалай сыйақыға ие болады, – делінген қалалық Полиция басқармасы ұсынған мәліметте.
Қарудың түрі мен санатына байланысты төлем мөлшері 10 АЕК-тен 100-ке дейін жетуі мүмкін.
– Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес өз еркімен қару тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, – деді басқарма өкілдері.