Өскеменде туризмнің дамуына үлес қосқан кәсіпкерлер марапатталды

176
көрілім

Салтанатты шараға туризмді ілгерілетуге елеулі үлес қосқан барлық үздік кәсіпкер қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Меймандар қалалардың бөлек, бірнеше ауданнан келді. Олардың кейбірі «Туризм саласындағы үздік кәсіпкер 2023» марапатына ие болды.
Осы ретте облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жыл лебізін білдіріп, іскер жандарға марапаттарын табыстады.
– Жыл соңында барлық жетістіктерімізді қорытындылап, сараптама жасау – дәстүрге айналды. Биыл туризм саласына көп көңіл бөлінді. Туризм жай ғана бизнес емес, бұл қоршаған ортаға пайда тигізу. Ал әуесқойлар үшін хобби, – деді Нұрымбет Аманұлы.


Аталған марапатқа «Орел» тау шаңғысы кешенінің директоры Бақытжан Иманбаев, «The Forest» ресторанының директоры Виктор Белей,  балық аулау индиструиясына үлес қосқан Сабиля Сегізбаева лайық деп танылды.
Сондай-ақ ұйымдастырылған шарада өңірдің туристік бағытындағы ең белсенді және табысты 35 кәсіпкерге құрмет көрсетілді.