Өскеменде ҰБТ тапсырушылардың көңіл-күйін көтеру үшін концерт өткізіледі

697
көрілім

12 мамыр күні Өскемендегі аймақтық Ustudy тестілеу орталығы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің 5-корпусында 11-сынып оқушыларына арнап концерт өткізеді. Шараның ұраны – «Кім білсін сенің бақытың, сүрінген жерден басталар», деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Концерттік жобаға бес жүзге жуық 11-сыныптың оқушылары шақырылған. Мектеп бітірушілер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, облыстың танымал кәсіпкерлері өмірлік тәжірибелерімен бөліседі.

«Кім білсін сенің бақытың, сүрінген жерден басталар» атауын текке таңдап алған жоқпыз. Жобаны осылайша атау арқылы өмірдің тарау-тарау жолдары барын, Ұлттық бірыңғай тестілеу оның тек қана бір кезеңі екенін айтқымыз келеді. ҰБТ – ол өмірдегі бір ғана қадам, – дейді ұйымдастырушылар.