Өскеменде ұлттық спорт түрлерінен «EXPO-2017» көрмесіне арналған дүбірлі сайыс өтіп жатыр

737
көрілім

Облыс орталығында Елордада өтіп жатқан «EXPO-2017» көрмесін қолдауға арналған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу сынды ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс Өскемен қаласында орналасқан атшабарда өткізілуде. Айтулы шараның өткізілу кестесіне күннің ысуына қарай шамалы өзгертулер енгізілген. Алайда спорт сүйер қауым үшін ауа-райының қолайсыздығы еш кедергі емес секілді. Атшабарда қолдаушылардың қатары мол.

Додаға Тарбағатай, Абай, Ұлан, Көкпекті аудандарынан келген командалар мен Өскемен қаласының спортшылары қатысып жатыр. Облыс орталығында бас қосқан қарулы да шыдамды, епті де жігерлі жастар бес командаға бөлініп,  көпшілікті өз шеберлікерімен тәнті етіп жатыр.