Өскеменде жаңа жылу электр орталығы 2030 жылға қарай салынады

101
көрілім
Фото: azattyq-ruhy.kz сайтынан

Құрылыс туралы келісімге Санкт-Петербург қаласында қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары барысында Қазақстанда үш ЖЭО салу туралы құжаттарға қол қойды.
Семей мен Көкшетауда 2027 жылға дейін, Өскеменде 2030 жылға дейін іске қосу жоспарланып отыр. Мердігер – ресейлік «ИНТЕР РАО-Экспорт» компаниясы. Қазақстан жағынан келісімге «Самрұқ-Қазына» АҚ басшылығы қол қойды.
- Қаржыландыру Ресей банктерінің тарапынан болады. Бұл қаржыландыру шамамен 15 жыл мерзімге тартылады және Ресей Федерациясы субсидиялайды. Несие ұзақ мерзімге рубльмен беріледі, - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов.