Өскеменде жәрмеңке өтеді

255
көрілім

Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендегі «ТНП» дүкені көлік тұрағында (Сәтпаев даңғылы, 39 мекенжайы) өтетін жәрмеңкеде Катонқарағай ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі желтоқсан айының 16-ы күні сағат 8:00-де басталады. Шара өтетін жердің өзгеруіне қарай тұрғындарды жеткізу үшін таңсәріден қоғамдық көліктер қарастырылған.