Өскеменде жолдар мен трамвай рельстері түнде қардан тазартылды

270
көрілім

Бүгін түнде ондаған техника қар тазалауға шықты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Әкімдіктің хабарлауынша, қала көшелерінде таңғы сағат 4-тен бастап 60-тан астам арнайы техниканың жұмысқа кіріскен.

«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС рельстерді өз бетінше тазартумен айналысуда.

«Техниканы жолдан шығарудағы белсенді әрекеті үшін қозғалыс қызметінің бастығы Вера Шинкевичке алғысымызды білдіреміз», - делінген өлік компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында.