Өскемендегі Ана мен бала орталығында оңалту бөлімі ашылды

309
көрілім

Жаңа оңалту бөлім тірек-қимыл жүйесінің, орталық жүйке жүйесінің, омыртқа, бассүйек-мидың ауыр жарақатын алып, ота жасалған балаларға көмек көрсету үшін құрылған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ана мен бала орталығының мәліметі бойынша, оңалту бөлімінің 50 орны тәулік бойы жұмыс істейтін, 15 орны күндізгі стационарға арналған. Балалармен реабилитолог, невропатолог, психолог, ортопед-травматолог, тәрбиеші, нейрохирург, физиотерапевт, педиатр, физиотерапия нұсқаушысы жұмыс істейтін болады.

- Біз барлық аудандардан науқастарды қабылдауға дайынбыз. Оңалту курсынан өту үшін учаскелік дәрігерлерден жолдама алса жеткілікті, - дейді бөлім меңгерушісі Ольга Салмина.