Өскемендегі екі көшеде көлік қозғалысы тоқтатылды

397
көрілім

Ұлы  Жеңіс күніне байланысты өтетін шараларға орай күні бойы Протозанов көшесі мен Славский атындағы жағалауда көлік қозғалысы тоқтайды, - деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек бүгін сағат 9:00-ден бастап Славский атындағы жағалау ("Сәулетай" саябағынан  Мемориалына шейін) мен Протозанов көшесіне көлік қозғалысы тоқтатылған болатын.  Аталған көшелерде кешкі сағат 21:00-ге дейін жол жабылады.
Осы уақыт аралығында Славский жағалауында қоғамдық көліктер қатынасы тоқтайды. №2, 6б, 23 автобустары «Колос» аялдамасынан кейін Крылов көшесіне бұрылып, «Рассвет фабрикасы» аялдамасына келіп тоқтайды.