Өскемендегі Шығыс ауылында балаларға арналған IT орталық ашылды

546
көрілім

Қала іргесінде орналасқан Шығыс ауылындағы Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №12 филиалында IT орталық ашылды. Бұл орталық қандас балаларға ең заманауи және озық дағдыларды үйретеді. Бұл «Казцинк» компаниясының «Жас IT маманы» атты кітапханалық жобасының қолдауының арқасында мүмкін болып отыр.

- Шығыс ауылындағы №12 кітапхана-филиалында балаларды дамытатын ІТ орталықтың құрылуы жас қандастардың цифрлық технологияларға бейімделіп, болашақта осы салаға байланысты мамандыққа бет бұруына жол ашты. Ауыл балалары мен ата-аналары кітапханадағы қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған IT-орталыққа таңданыстарын білдіріп, ризашылықтарын білдірді, - деп хабарлады кітапхана қызметкерлері.

IT орталықта оқушылар робот құрастырып, мобилді қосымшаларға код жазып, өздері компьютерлік ойындар құрастыра алады. Орталықтың салтанатты ашылуына «Казцинк» компаниясының атқарушы директоры А.П. Лазарев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары И.Ф. Смит қатысып, ауылдағы кітапхананың түрленуі мен бағытының заман ағымына сәйкес өзгеруіне жоғары бағаларын берді.

- Ауыл балалары үшін осындай орталықтың ашылуы өте құптарлық іс. Оқушылардың өздерін дамытуына жағдай жасайтын бастамаларды қолдауға әркез дайынбыз, - дейді Андрей Лазарев.