Өскемендегі «Юбилейный» кинотеатрында бір апта бойы қазақстандық фильмдер көрсетіледі

847
көрілім
Биыл 27 сәуір мен 4 мамыр аралығында облыс орталығындағы «Юбилейный» кинотеатрында республикалық акцияға орай «Қазақ киносының апталығы» өтеді. Бір жұма бойы қала тұрғындары мен қонақтары отандық фильмдерді тамашалауға мүмкіндік алып отыр, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі

«Қазақ киносының апталығы» барысында біз күн сайын отандық 6 фильмді көрсететін боламыз. Бұл – көрермендердің көпшілігі тамашалап үлгермеген «Бизнес по казахски», «В поисках мамы», «Гламур для дур», «Келинка тоже человек», «Келинка Сабина» комедиялары мен «Районы», «Тараз» драмалары. Барлықтарыңызды шақырамыз! – дейді «Юбилейный» кинотеатрының пиар менеджері Екатерина Иванова.

Айта кету керек, билет құны әдеттегі билет бағаларымен бірдей болады

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ