Өскеменге алдағы аптада тонналап қант жеткізіледі

329
көрілім
Шартты сурет

Қалалық әкімдікте азық-түлік тауарларын жеткізу мәселесі бойынша кеңес өтті,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, Ресей қант экспортына тыйым салғаннан кейін біздің  аталған тауар түрінің Өскемендегі дүкен сөрелерінде де жетіспеушілігі байқала бастады.
Бұл мәселе бойынша қала билігі былай деп жауап берді:
– Біз Тараздағы қант зауытымен және «Ертіс» ӘКК азық-түлік корпорациясымен келіссөз жүргіздік. Олар өтінімдерді қабылдады, енді  бір апта ішінде Өскеменге қант жеткізіп береді, - деді қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақов.
Қазіргі уақытта қант «Ертіс» ӘКК сауда нүктелерінде сатылып жатыр. Шаһарда  осындай 24 дүңгіршек ашылған. Ол дүкендерде қанттың  бір килограммы 305 теңге.
–  Облыс басшылығы қосымша 139 тонна қант өнімін сатып алу туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта қала дүкендерінде қажетті азық-түлік бағаларына бақылау жалғасады, - делінген мәліметте.