Өскеменнің экс-әкімі: Елбасы кинотеатрдың ашылуына арнайы қатысқан еді

388
көрілім
фотосурет yk-news.kz сайтынан

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде Үлбі өзені арқылы салынған көпірдің сапасын тексеріп, қолданысқа берілер сәтіне куә болған еді. Осыдан 20 жылдай бұрын қала басшысы болған Вера Сухорукова Шығыс топырағына атізін салған Елбасы жайлы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Нұсұлтан Әбішұлымен ерген делегация алдымен қолданысқа берілген көпірдің ортасына дейін барды. Сонда маған Тұңғыш Президент біздің тексергісі келгендей көрінді. Бір қуанарлығы, аз уақыттан соң-ақ Елбасы салынған көпірдің зор маңызға ие екендігін жеткізді. Сосын «Эхо» кинотеатрының ашылуына арнайы қатысты. Онда ірі және орта кәсіп иелерімен жолығып, қолға алып жатқан жұмыстарымен танысты. Қызығы сол, күтпеген жерден «енді осы қаланың бір дүкенін аралап шығайын» дегені біраз састырды. Себебі, шаһарға Елбасының келетіндігі жөнінде көпшілікке жария етпеген едік, – дейді Вера Сухорукова.

Өскеменнің экс-әкімінің естелігінің төмендегі сілтемеден көре аласыздар:

https://youtu.be/4yoxaU9495s