Өскеменнің Тәуелсіздік даңғылындағы жарнама тақталарын ретке келтіруге бір апта уақыт берілді

685
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыс орталығындағы басты көше – Тәуелсіздік даңғылындағы жарнама тақталарының көлік жүргізушілеріне кедергі келтірмеуі керектігін айтып, бұл мәлелені ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің отырысында жарнама құрылымының мәселесі талқыланды. Жақында жүргізілген тексеру жұмыстары баннерлік жарнамалардың 34-і сүрілуге жататынын көрсеткен. Сондай-ақ, 15 тақтаның мүлде құқықтық құжаты жоқтығы белгілі болған. Олардың бесеуі жөнделіп, қалғанына ретке келтіру үшін уақыт берілген.

– Тәуелсіздік даңғылы билбордтарға толып тұр. Олар автокөлік иелеріне кедергі келтіріп қана қоймай, қаланың эстетикалық әлпетін бұзып тұр. Бұл мәселені шешу керек. Жарнамалық тақталарды жойып, болмаса басқа жаққа көшіру керек, – деді Даниал Ахметов.

Аталған мәселені шешуге бір апта уақыт берілді.