Өскемен-Риддер тасжолында екі автокөлік соқтығысты

447
көрілім

Жол-көлік оқиғасы наурыз айының 6-сы күні жолдың 24 шақырымында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– «Toyota» көлігін тізгіндеген 18 жастағы жүргізуші қолайсыз ауа-райын ескермей, жылдамдықты шамадан тыс арттырып жіберуінен ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан, – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. – Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.