«Өскемен-Зырян» тасжолында жүк көлігі өртеніп кетті

620
көрілім
Шартты фотосурет.

9 қыркүйекте «Өскемен-Зырян» тасжолында жүк көлігі өртеніп кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік тұрағына аялдаған МАЗ маркалы автокөліктен тұтанған от салон ішін шарпып, жүргізушінің жеке заттарын өртеген. Оқиға орнына дереу келіп жеткен өрт сөндірушілер жарты сағаттың ішінде тілсіз жауды сөндірді.

Өрттің себебі қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.