Осы аптада Өскеменде Зайсан мен Көкпекті ауданының жәрмеңкесі өтеді

594
көрілім

Осы аптаның сенбісінде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Алдағы сенбіде, яғни 10 маусым күні облыс орталығында Зайсан және Көкпекті аудандарының шаруа қожалықтары кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді. Екі ауданның шаруа қожалықтары әдеттегідей қала тұрғындарына өз өнімдерін арзан бағада саудалайтын болады. Сауда-саттық таңғы сағат 9.00-де «Freshmarket» фермерлік гастрономының (Сәтпаев даңғылында) алдында басталады. Шаруа қожалықтарының өкілдері сапалы әрі арзан бағада ет, балық, май, сүт тағамдарын сату сөрелеріне қоймақ.