Осы аптада Өскеменде Зырян ауданының шаруа қожалықтары жәрмеңке өткізеді

537
көрілім

Үстіміздегі аптаның сенбісінде, яғни 6 мамыр күні облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

6 мамыр күні облыс орталығында Зырян ауданының шаруа қожалықтары кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді. Сауда-саттық таңғы сағат 9.00-де «Freshmarket» фермерлік гастрономының (Сәтпаев даңғылында) алдында басталады. Шаруа қожалықтарының өкілдері сапалы, әрі арзан бағада ет, балық, май, сүт тағамдарын сауда сөрелеріне қоймақ.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ