Перзентханадағы сәбидің құжаты автоматты түрде рәсімделетін болады

651
көрілім

Келесі жылдан бастап, перзентіңізді балабақшаға кезекке қою қажет емес. Себебі сәби дүние есігін ашқан сәттен бастап, яғни ол перзентханада жатқан сәтте оның жеке сәйкестендіру нөмірі болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Бақ.кз сайтына сілтеме жасап

Кейін бұл ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберіліп, тиісті жәрдемақылар рәсімделеді. Ал одан әрі құжаттар «Электронды әкімдікке» жөнелтіліп, бүлдіршін балабақша кезегіне автоматты түрде қойылады. Бұл жаңашылдықтар бүгін Үкімет отырысында айтылды. Сондай-ақ e.gov веб-порталындағы өзгерістер де сөз етілді. Мәселен, биыл шілдеден бастап, 20 қызмет түрін электронды-сандық қолтаңбасыз алу мүмкін болады. Яғни жиі талап етілетін анықтамаларды үйде отырып-ақ, еш қиындықсыз шығарып алудың ауылы алыс емес.

«Бүгінгі күні корпорация базасындағы 986 кеңседе 21 мыңға жуық маман жыл сайын халыққа 40 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметтердің тізімінде 723 қызмет болса, соның 548-ін мемлекеттік корпорация көрсетіп отыр», — деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Фотосурет: Бақ.кз