Республикалық маңызы бар көлік жолдары ашылды

245
көрілім

22 желтоқсан күні сағат 21.50-де ауа райының бұзылуып, бұрқасын жел салдарынан республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының 683-768 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жабылған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Казавтодор» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, бүгін, яғни 23 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Алматы-Өскемен» бағытындағы 683-768 шақырымдық жол, республикалық маңызы бар өзге де тасжолдар көліктің барлық түрлері үшін ашылып, қардан тазартылды.