Риддер әкімі қызметінен кетті

195
көрілім
Фотосурет автордікі

Былтыр тамыз айында Риддер әкімі болып тағайындалған Дәулет Батырбаев өз еркімен қызметінен кеткені туралы хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Аз уақыт ішінде көп нәрсені іске асыра алдық. Қаланы жылыту жолында күрделі мәселелерге төтеп бердік, екі жаңа мектеп салдық, тұрғын үй массивтері мен кәсіпорындардан еріген қар суын бұру бойынша көктемгі емтиханнан өттік, қоғамдық көліктермен шиеленісті алып тастадық. Қалада мәдени-ойын-сауық жұмыстары мен бұқаралық спорт жанданды, - деді ол.

Дәулет Бахитұлы әлеуметтік желілерде жарияланған сыни жазбалар қала тұрғындарының мәселелерін тез шешуге ықпал еткенін атап өтті.