Риддер қаласында жаңа шаңғы роллерлік трасса салынады

174
көрілім
Фотосурет өңірлік коммуникациялар орталығынан

Бұл туралы ақпаратпен қала әкімі Дәулет Батырбаев бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлға «Матренин соколок» шоқысы маңайында шаңғы роллерлік трасса салу жобасы басым бағыттардың бірі болып табылатынын айтты.

- Құрылыстың құны 178 млн 462 мың 931 теңгені құрайды. Тиісті жобалық-сметалық құжаттама биыл әзірленген. Жобаны қаланың орталық бөлігінде орналастыру жоспарланған. Оның ыңғайлы орналасуы спортшыларға, қала тұрғындарына, ардагерлерге және шаңғы әуесқойларына қолжетімді болады. Ұзындығы 1200 метр, - деді Дәулет Батырбаев.

Әбден тозған «Сокол» стадионы күрделі жөндеуді қажет етеді. Дәулет Батырбаевтың сөзінше, 2021 жылы «Градопроект» ЖШС «Сокол» стадионын реконструкциялау» жобасын әзірледі. Бұл өз кезегінде балалар мен ересектер арасында денешынықтырумен және спортпен айналысатындар санын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, Риддер өңірінің аумағында 38 туризм нысаны тіркелген, оның ішінде 11 қонақ үй, 24 түрлі туристік үй, 2 туристік база және жазғы кезеңдегі 1 балалар лагері бар.

- Қазір біз бірнеше ірі туристік нысандар бойынша жобаларды іске асыруды, сондай-ақ балық аулау орындарын ұйымдастыруды, марал өсіру емдеу-аңшылық шаруашылығын салуды және басқа да маңызды нысандарды жоспарлап отырмыз, - деді әкім.