Риддер тұрғындарының орташа жалақысы 400 мың теңгеден асады

131
көрілім
Фотосурет diapazon.kz

Ресми ақпаратқа сәйкес, қалада 51 мыңнан астам тұрғын бар. Пайызбен шаққанда облыс жұртының 7,1%-ын риддерліктер құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Дәулет Батырбаевтың ақпаратынша, жалақы 16%-ға өскен.
– Қала тұрғындарының орташа жалақысы – 411 мың теңге. Бұл 2023 жылдың желтоқсаны мен осы жылдың қаңтар айын қорытындылағандағы ақпарат. 2022 жылмен салыстырғанда жалақы 16%-ға өсті. Ана өлімі тіркелген жоқ. Дегенмен жасқа толмаған бес шақалақ шетінеді, – деді Дәулет Бахитұлы.

Әділхан ЕСІМХАНОВ