Риддерлік прокуратура арыздарды шұғыл қарау үшін қоғамдық қабылдау бөлмесін ашты

602
көрілім

Риддер қаласы прокуратурасының қызметкерлері әртүрлі мемлекеттік ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп тұрғындардың арыздарын қарап, жедел жауап беру үшін қабылдау бөлмелерін ашты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қадағалау органы бірнеше ай бойы қала тұрғындарының арыздарын зерделеген. Көптеген арыздардың қаралуы мемлекеттік ұйымдардың немесе коммуналды кәсіпорындардың араласуын, яғни дереу шешуін талап етеді. Прокуратура қала тұрғындарына дереу көмек көрсету үшін арыздарды ұжымды түрде қаралуына бастама таныту қажет деп шешкен.

– Қала тұрғындары мемлекеттік органдардың құзіреттілігін біле бермейді, олар бір органнан екінші органға барып, өздерінің сұрақтарына жауап іздейді, – дейді Риддер қаласының прокуроры Саид Аймұхан. – Кейде, мемлекеттік органдар арыздарды үстірт қарайды. Осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында прокуратура жаңа жоба әзірледі. Оның мақсаты – прокуратурада аптасына бір рет әртүрлі мемлекеттік органдардың, коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен бірлесіп азаматтардың қабылдауын жүргізеді. Прокуратура барлық сұрақтарға нақты жауап берілуін қадағалайды. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің ашылуы институционалды реформалардың талаптардың орындалуына бағытталған. Елбасы құқық түсіндіру жұмыстарын күшейту және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру жөнінде баса айтты.

Қоғамдық қабылдау бөлмесіне алпыстан астам қала тұрғындары арызданды. Мысалы, есепшотына тыйым салынған жергілікті тұрғынға жедел көмек көрсетіліп, есепшотқа тыйым заңсыз салынғаны анықталған.